Жауапсыз әкелер алимент төлеудің орнына 426 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған

774

Алматы облысының прокуратурасы алимент төлемеген 157 борышкерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жауапсыз әкелер алимент төлеудің орнына 426 млн теңгені құмар ойынға жұмсаған Фото: canva.com

"Мысалы, алимент бойынша 1 млн теңгеден астам қарызы бар бір борышкер ғана өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шара нәтижесінде бүгінде 31 лудоман 38 млн теңгеден астам сомаға алимент қарызын өтеді. Алимент төлемегені үшін 6 борышкерге қатысты қылмыстық жауапқа тарту шаралары қабылдануда. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы борышкерлерді алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілік бар екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу