Жауапты хатшы індеттің шарықтау шегі қашан болатынын айтты

1361

КВИ алдағы 1-2 аптада кең таралу кезеңінен өтеді.  

Жауапты хатшы індеттің шарықтау шегі қашан болатынын айтты

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова карантин шаралары енгізілгеннен кейінгі уақыттағы індет таралуының қарқыны жайлы айтып өтті.

"Елде індеттің таралу екпіні 29 наурыз күні 24% болған. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 7%-ға дейін түсті. Бұл қатаң карантин шараларын енгізудің нәтижелі екенін білдіреді. Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты соңғы күндері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында аурудың төмендеу динамикасы байқалды. Коронавирус инфекциясының таралуы Нұр-Сұлтан қаласында 4 сәуірден бері 8,4%-дан 0,9%-ға дейін төмендесе, Алматыда 15%-дан 2,5%-ға дейін азайды. Аптаның басынан бері осы қалаларда тек 6 жаңа жағдайдан тіркелді", – деп айтып өтті жауапты хатшы.

Дегенмен Ботагөз Жақселекованың сөзінше, елімізде КВИ таралуының шарықтау шегі әлі алда.

"Еліміз індет таралуының ең үдемелі кезеңінен әлі өткен жоқ. Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шараларын күшейту арқылы коронавирус инфекциясы айтарлықтай азайды. Жалпы елде індет таралуының шарықтау шегі алдағы 1-2 аптада болады деп күтілуде", – деді денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу