Жауапты хатшы институты таратылады

629

Мемлекеттік қызметтегі бірінші басшылардың жауапкершілігі артады. 

Жауапты хатшы институты таратылады

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "ҚР Үкіметі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын жұмысқа алды. Құжатқа енгізілетін өзгеріс жауапты хатшы институтын таратуды көздейді. 

Заң жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған биылғы жолдауын жүзеге асыру үшін әзірленгенін тілге тиек еткен заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин: "Жауапты хатшы иститутын тарату жөнінде нақты тапсырма берілді. Жауапты жатшы институты таратылған кезде олардың міндеті министрліктердің аппарат басшыларына жүктеледі. Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін арттыру болып саналады. Комитет аталған заң жобасы бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", – деді комитет төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу