Жауапты хатшы институты таратылды

861

Аппарат басшыларына жауапкершілік жүктелді. Бұл туралы мәжілісте мәлімделді. 

Жауапты хатшы институты таратылды

"Заң жобасы Мемлекет басшысының жауапты хатшылар институтын тарату туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазіргі уақытта жауапты хатшыларды Президент тағайындайды. Олар тиісінше жоғары мәртебеге ие. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін олардың міндеттері аппарат басшыларына жүктеледі. Аппарат басшыларын министрлер тағайындайды, оларға есеп беруге міндеттеледі", – деді Анар Жайылғанова.  Заң жобасына сәйкес, Конституциялық заңнан жауапты хатшылардың мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормалар алынып  тасталды. Бұл міндет "Мемлекеттік қызмет туралы" заң арқылы аппарат басшыларына жүктелетін болды.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу