Жауапты мамандар Сырдариядан келер қауіп жоқ деп мәлімдеді

1999

Жауапты мамандар Сырдариядан келер қауіп жоқ деп мәлімдеді

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы өңірді су алу қаупі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Басқарманың хабарлауынша, қазіргі кезде өзен арнасындағы мұз толығымен ұстасқан. Өзенге жақын орналасқан аймақтарға төнген қауіп жоқ.  
"Қызылорда қаласы бойынша: "Айтек" су торабы мен Бірқазан елдімекені аралығында мұз ұстасқан, қалыңдығы 15-20 см. Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су өтуде. Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі жағдай бірқалыпты және толық бақылауда", - дейді басқармадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу