Жауын-шашын кезінде Алматыда су тасқыны тіркелген жоқ

378

Жауын-шашыннан кейін 746 жұмысшысы, 163 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды. 

Жауын-шашын кезінде Алматыда су тасқыны тіркелген жоқ Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында 23 қазан күні 11 мм жауын-шашын түсті, әуежай ауданында – 18 мм, Каменск үстіртінде - 15 мм.

Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету, түнгі уақытта су басудың алдын алу және жою мақсатында 115 жұмысшы, 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.​

24 қазанда сағат 8.00-ден бастап 39 кезекші бригада жауын-шашыннан кейін бітелген арықтарды тазартуға шықты.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.

​"Қазгидромет" РМК болжауынша, бүгін түстен кейін Алматыда жауын-шашынсыз, ауа температурасы +14… +16 градус болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу