Жауын-шашын, көктайғақ: 16 наурызда ауа райы қандай болады

256

Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

Жауын-шашын, көктайғақ: 16 наурызда ауа райы қандай болады Фото: inbusiness.kz

Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады", – дейді синоптиктер.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Тура сондай ауа райы Қостанай облысында күтіледі. Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы мен Жетісу облыстарында да тұман мен көктайғақ болады. Ал Солтүстік Қазақстанда түнде жаңбыр аралас қар жауса, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр түседі.

Астана қаласында 16 наурыз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болжанып отыр. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу