Жауын-шашын және жаңбыр: 13-19 сәуірде ауа райы қандай болады?

790

Еліміздің 7 пайыз аумағын ғана қар жамылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазгидромет мекемесіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын және жаңбыр: 13-19 сәуірде ауа райы қандай болады? Фото: egemen.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.

"Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 7 пайызды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 13-19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында - 14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14-17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Қатты жаңбыр 13-14 және 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында болады деп болжануда", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтайды. Сонымен қатар келесі аптадан бастап еліміздің барлық аумағында күн жылына бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу