Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу орталығына барып, "АрХО-2021" ойынына қатысушы командаларымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ойын тарихында "Тактикалық мерген" байқауы алғаш рет Рязань қаласында өтеді. Төрт кезеңнен тұратын ойын барысында қатысушылар жеке және топ құрамында бақ сынайды. Сонымен қатар
"дуэль" жаттығуларын орындап, уақытқа атудан жарысады", - деп жазылды министрліктің ресми ресурсында.
Қазақстанның Қарулы күштерінде тактикалық атыс 2019 жылдан бастап белсенді түрде дамып келеді. Атыстың бұл түрі 2020 жылдан бастап бөлімшелердің бағдарламасына енгізілді.
"Әлем жауынгері" байқауы Арменияда өтеді. Аталмыш байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушы ерлер мен әйелдердің кәсіби және зияткерлік деңгейі, сондай-ақ шығармашылық қабілеті тексеріледі. Біздің жауынгерлер 2018 жылы осы байқауда жеңімпаз атанды", - деп нақтылады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.