Жауынгерлердің қаза болуына айыпты штаб бастығының үсітен сот ісі басталды

761

Жауынгерлердің қаза болуына айыпты штаб бастығының үсітен сот ісі басталды

Шымкентте 91678 әскери бөлімшесінің штаб бастығының үстінен сот ісі басталды. Ол биыл ақпан айында Жамбыл облысында қар көшкіні басып қалуынан жауынгерлердің қаза болуына айыпталып отыр, деп хабарлады kaztag.kz.
"Шойбеков Бақыт Әмірұлын ҚР ҚК 453 б. 2 т. (қызметіне немқұрайлы қарау) қарастырылған қылмыс жасаған деп айыптау бойынша қылмыстық істі сот өндірісіне қабылдасын. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот тыңдауларын 2017 жылғы 15 тамызға 15.00 сағатқа Шымкент гарнизонының әскери сот ғимаратына тағайындалсын. Сот ісі қысқартылған үлгіде ашық отырыста қаралады", - делінген сот қаулысында. 
Сондай-ақ сот процесі Шымкент гарнизонының әскери сот сулдьясы Гулмира Усманованың төрағалығымен өтеді делінген. Сотқа тартылып отырғанға қатысты бұлтартпау шарасы "әскери қызметкер әскери бөлімшенің басшылығының бақылауында болуы" түрінде қалдырылсын.  
Еске салсақ, 2017 жылы ақпанда Жамбыл облысында қар көшкіні жүруі салдарынан жеті жауынгер қар астында қаза болды. ТЖ 91678 әскери бөлімше жауынгерлерінің Көксай шатқалында жоспарлы әскери жаттығу жүргізіп жатқанда орын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу