Ұйымдастырушылардың бірлескен шешіміне сәйкес, жарыстар 2027 жылғы 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында өтеді. Жаңа күндер жергілікті ұйымдастыру комитетімен, ұлттық олимпиадалық комитеттермен және серіктестермен кеңесе отырып белгіленген.
Ойындарды кейінге қалдыру туралы шешім жарыстар кестесін оңтайландыруға, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруге және турнирге көбірек елдің қатысуына жағдай жасауға бағытталған. Мерзімді өзгертуге ұйымдастыру және логистика мәселелерін қайта қарау себеп болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, құрлықтық додаға 45 елден 4 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары Сауд Арабиясында Азия Олимпиадалық кеңесінің аясында өтетін алғашқы көпсалалы спорттық жарыс болмақ. Турнирді ұйымдастыруға қатысты қосымша ақпарат кейін жарияланады.