Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

582

Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

13 тамыз күні Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 22 жастағы азаматтың жеткізілгендігі туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің жол-көлік оқиғасынан дене жарақаттарын алғандығы анықталды.

Оны жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқанда белгісіз автокөлік қаққан. Жүргізуші жәбірленушіге көмек көрсетудің орынына оқиға болған жерден қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оқиға орынынан автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жарық шамының бөлшектерін алды. Осы айғақтар жол-көлік оқиғасын жасаған азаматты анықтауға септігін тигізді. "Ізін суытпай" 36 жастағы азамат анықталды. Ол көліктің басқаруына ие бола алмай, жол өткелін өтіп келе жатқан азаматты қаққаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сондай-ақ қорыққаннан қашып кеткенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы және 347-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу