Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

817

Павлодар облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сілтеме жасап. 

Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

22 тамызда Павлодар ауданы Қаратоғай ауылының маңында Омбы-Майқапшағай автожолының 453 шақырымында Chevrolet автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігімен ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция сараптама тағайындалғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 263 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 44 адам қаза тапты, 403 азамат жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу