Жаз басынан бері Шымкентте 150 адам қарбыз мен қауыннан уланған

Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына үш жүзден астам науқас түскен. 

Жаз басынан бері Шымкентте 150 адам қарбыз мен қауыннан уланған Фото: gov.kz

Соңғы бір айда Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасына қарбыз мен қауыннан уланған 150 адам түскен. 

Шаһар дәрігерлері тамақтан улану деректерінің көбейгенін айтады. Оның жартысы қарбыз мен қауын жеудің салдары. 

"Ақ халаттылардың" айтуынша, халықтың қауыннан улануына нақты не түрткі болатынын айту қиын. Бұл өнім құрамындағы нитраттардың әсері немесе оларды дұрыс сақтамаудан болуы мүмкін.  

"Соңғы бір айда үш жүзден астам науқас түсті, олардың көпшілігі қарбыз, қауын-қарбыздан уланған. Олардың саны 150-ге жуық адам. Оның көбі ересектер", – деді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу