Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, жазғы кезеңде алты мыңға жуық баланы жүзу дағдыларына үйрету жоспарлануда.
– Өткен жылы жеке жаттықтырушыларды тарта отырып, біз бес мыңға жуық баланы жүзуге үйрете алдық. Оның ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 553 бала. Биыл алты мыңға жуық баланы жүзуге үйрету жоспарлануда. Өңірде 17 бассейн бар, олардың әрқайсысымен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, Шет және Бұқар жырау аудандары, Теміртау қаласы үшін қаңқалы бассейндер сатып алынады, – деді Гүлсім Қожахметова.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені қабылданды. Сонымен, барлық қала маңындағы лагерлерде полиция инспекторлары кезекшілік ететін болады. Девиантты мінез-құлқы бар және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады.
Ермағанбет Бөлекпаев жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
– Белсенді алдын алу шаралары жақсы, бірақ олар әрқашан мәселені шеше бермейді. Су қоймаларының, әсіресе Нұра және Шерубай-Нұра өзендері сағаларының жай-күйін тексеру қажет. Сондай-ақ, балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу қажет, – деді облыс әкімі.