Жаз маусымында елімізде 177 адам суға батып кеткен

351

Жүзе білу — өміріңізді сақтап қалар қабілет.

Жаз маусымында елімізде 177 адам суға батып кеткен Фото: inbusiness.kz

Түрлі спорт түрлермен айналысу — адам өмірі қауіпсіздігінің кепілі бола алмайды, алайда олардың қатарынан жүзуді алып тастаған жөн болар. Әрине, арнайы бассейн мен шалғай көлшіктерде жүзу екі түрлі дүние, дегенмен өзіңді суда ұстап, жүзе білу талай адамды қайғылы жағдайдан сақтап қалағанына ешкім күмән келтіре алмас. Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа деректерінде жаздың үш айында Қазақстанда 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батқаны жазылған. Өткен жылы шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті, оның 62-сі кәмелетке толмағандар. Қайғылы статистика жан түршігеді.

Адамдардың батып кетуінің негізгі себебі - өз шамасын орынды бағаламау, мас күйінде шомылу, жүзе алмау. Сондай-ақ, ТЖМ мәліметтері бойынша, балалардың суда қаза табуына ересектердің салғырттығы себеп. Жаз бойы құтқарушылар 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарғанын атап өткен жөн. Мұның барлығы жүзу негіздерін білу маңызды екенін көрсетеді. 

Қайғылы жағдай бір біздің елге тән дүние емес. Жыл сайын әлемде шамамен 230 мың адам суға батып, ғайып болып жатады. Бұл мәселе жаһандық ауқымға ие болды және 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны дүниежүзілік деп танып, 25 шілдені адамдардың суға батып кетуіне жол бермеу күні деп жариялады. ДДҰ мәліметтері бойынша, адамдар су астына көбіне шомылу не суда ойнау кезіндегі жазатайым оқиғалардан кетіп жатады. Статистикаға су тасқыны салдарынан қаза тапқандар мен су көлігіндегі оқиғалар туралы деректер енгізілмейтінін ескеру керек. 

Жүзу шеберлері федерациясының вице-президенті ретінде мен ата-аналарды мектеп жылында жаттықтырушымен жүзуге кем дегенде бірнеше ай уақыт бөлуге шақырамын. Бұл балаларға жүзуді ғана емес, сонымен қатар суда өзін ұстап үйренуге мүмкіндік береді, осылайша жүзе алмаған баланың өзі төтенше жағдай кезінде арқасына жатып, көмек күту керектігін білетін болады. 

Бұл материалда мен өзектілігін жоғалтпаған бәрімізге белгілі дүниені айтқым келеді. Жүзу — бұл жағажайда жақсы уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар баланың өмірінде үйренуі керек ең маңызды дағдылардың бірі. Жүзу баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне және жалпы дамуына оң әсер етеді.

Ең алдымен, жүзу қабілеті жағажайда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Судағы жазатайым оқиғалардың 90%-ы қарапайым жүзу ережелерін білмеуден болады. Жүзе білетін бала өзінің ғана емес, өзгенің де өмірін сақтап қала алады. Көл, өзен немесе бассейн болсын, жүзу қабілеті балаға сенімділік сыйлайды. 

Сонымен қатар, жүзу физикалық тұрғыдан теңдесі жоқ спорт түрі, сонымен қатар бала денсаулығының төзімділігін шынықтырады. Жүзу дененің барлық бұлшықет топтарын іске қосып, жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, икемділікті қалыптастырады. Ол сондай-ақ артық салмақ қоспауға ықпал етіп, баланың сүйек жүйесін нығайтады. Сонымен қатар, жүзудің тыныс алу жүйесіне оң ықпалы бар, яғни адам кез-келген ауыр жүктемеге дайын болады. 

Жүзу — бұл жәй ғана спорт түрі емес, бала үшін өмірлік маңызы бар дағды. Жүзу қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, физикалық дамуға ықпал етеді және психологиялық тұрғыдан дұрыс жетілуге көмектеседі. Ата-аналар осыны назардан тыс қалдырмаса дер едім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу