Жазадан 9 рет құтылып кеткен ұры сотталды

734

Қылмыскер заңға қайшы әрекетінің төртеуін үйге ұрланып кіріп жасаған. 

Жазадан 9 рет құтылып кеткен ұры сотталды

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қолының сұғанақтығы бар азамат осыған дейін жасаған 9 қылмысы үшін неге сотталмағанын айтты. 
Оның сөзінше, ұры жәбірленушілермен татуласу арқылы жазадан жалтарып отырған. 

"Азамат Бегалин 2019 жылы 9 рет ұрлық жасаған. Заңға қайшы әрекетінің төртеуін үйге ұрланып кіру арқылы жүзеге асырған", – деді бас прокурордың орынбасары.

Марат Ахметжановтың айтуынша, ұры оныншы рет қылмыс жасағанда да бұрынғыдай оп-оңай құтылып кетемін деп ойлаған. 

"Осы жылдың ақпанында ол дүкенге кіріп кезекті рет ұрлық жасағаны үшін ұсталып, тұтқынға алынды, кейін сотталып, бас бостандығынан айрылды", – деді бас прокурордың орынбасары.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу