Жазасын өтеп шыққан 109 адам жұмыспен қамтылды

1168

2019 жылы Атырау облысында қылмыстық жазасын өтегендерді еңбекке тарту мақсатында 10 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Жазасын өтеп шыққан 109 адам жұмыспен қамтылды

Жәрмеңкелер барысында қатысушыларға "Еңбек" бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне – 2 адам, қайта даярлау курстарына 57 адам жіберіліп, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында  2020  жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді", – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу