Жазасын өтеп жүргендер мектеп бітіріп, аттестат алды

602

Мектеп бітіргендер арасында жасы 40-тан асқан сотталушы да бар.

Жазасын өтеп жүргендер мектеп бітіріп, аттестат алды

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты УГ-157/9 (ерлер жазасын өтейді) және УГ-157/11 (әйелдер жазасын өтейді) қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мекеме аумағындағы мектепті бітіріп, оларға жалпы орта білім алғаны туралы аттестаттар табысталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жалпы мектепті бітіргендердің арасында жасы 40-тан асқан сотталушы да бар.

Мектеп бітіргендерге аттестатты мекеме басшылығы табыстады.

Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сай сотталғандарға орта білім алу міндеттеліп, жасы 30-дан асқандар арасында сауат ашудың қажеттілігі туралы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, 30-дан асқан сотталғандар арасында да аттестаты жоқтары кездессе, олар өз еріктерімен білім алуға өтініш білдіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу