Жазасын өтеушілерді азаптау фактісі анықталды

880

Жазасын өтеушілерді азаптау фактісі анықталды

Сотталғандарды азаптау дерегі бойынша түзету мекемесінің 6 қызметкері айыпталып отыр. Арнайы прокурорлар басқармасы Павлодардың АП 162/3 колониясына тексеру жүргізіп, осындай қорытынды жасады, деп хабарлады Хабар 24.kz

Айыпты деп танылған қызметкерлер Қарағандыдан ауыстырылған 26 жазасын өтеушіні ұрып-соғып, түрлі жолдармен азаптаған. Осындай жағдайдан дзюдодан экс-чемпион Бауыржан Әбдікәрімов қорлау әрекетіне төзбей өзіне қол салған. Марқұм көз жұмар алдында да бірнеше рет суицид жасауға әрекеттенген. "Алайда оның қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген", - дейді прокурорлар.

"Қайтыс болардан бұрын Әбдікәрімовті колония қызметкерлері аяусыз ұрып-соққан. Ол бірнеше күн бойы жәбір көріп, ауыр азапқа төзе алмай өзіне-өзі қол жұмсады", - деді облыстық арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Әсет Саттыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу