Сотталғандардың шағымынан соң, түзеу мекемесі тексерілді

1243

Жағдайды тексеру барысында, ЛА 155/12 мекемесінде қатыгез қарым-қатынасты қолдану қаупінің жоғары факторлары анықталған.

Сотталғандардың шағымынан соң, түзеу мекемесі тексерілді

Омбудсмен түзеу мекемесін тексеруге бастама көтерді, деп хабарлайды ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Соңғы ай ішінде азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) атына Алматы облысындағы ЛА 155/12 мекемесі қызметкерлері үстінен қатыгез және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерге баратыны туралы сотталғандардан шағымдар келіп түскен.

ҰАТ тобы жағдайды анықтау үшін 2018 жылғы 28 тамызда  аталған мекемеге арнайы барып, онда қатыгез қарым-қатынасты қолдану қаупінің жоғары факторларын анықтады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде ҰАТ қызметін үйлестіретін адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Бас прокуратураға заңбұзушылықты жою және өз өкілеттіктерін асыра пайдалануға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында прокурорлық ден қою шараларын қабылдау туралы өтініш жолдады.

Өтініш негізінде Бас прокурор қажетті тексеру жүргізу және тиісті шаралар қабылдау мақсатында аталған мекемеге арнайы топ жіберді, оған Бас прокуратураның және омбудсмен мекемесінің өкілдері кірді.

Енді келіп түскен өтініштер аясында мекемеде қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерделеп, сондай-ақ шағым түсірушілермен және колония әкімшілігімен жеке кездесулер өткізді, енді тексеру қорытындысы қажетті шаралар қабылдау үшін Бас прокурорға баяндалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу