Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс кулуарында жаз мезгілінде Алакөл мен Балқашқа қарай қосымша пойыздар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрден "Туристік маусым әлі басталған жоқ. Қазақстандықтар желіде Балқаш, Алакөл сияқты танымал бағыттарға билет жоқ деп шағымданып жатыр. Танымал бағыттар бойынша қосымша билеттер бола ма?" деп сұрады.
"Алакөл бағытында қосымша пойыздар іске қосылады. Олардың саны 12 пойызға дейін жететін болады, қосымша 3 тальго пойызы бар. Балқаш бойынша Астана мен Алматыдан арзандатылған әуе құралы болады", - деп жауап берді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Ведомство басшысы жаз мезгіліндегі билет тапшылығы мәселесі шешіліп жатқанын жеткізді.
"Іске қосылатын қосымша пойыздарға билеттер сату әлі басталған жоқ. Сатылым ашылған кезде билеттер қолжетімді болады. Екіншіден, мәселені түбегейлі шешу үшін қосымша жолаушылар вагоны сатып алынып жатыр. Егер былтыр 118 вагон сатып алсақ, биыл тағы 140 вагон сатып алынды. Қосымша 350 отандық вагонды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл – Петропавл қаласындағы зауыттан шығатын вагондар", - деді министр.
Марат Қарабаев жазда Алакөл мен Балқашқа қосымша пойыздар іске қосылатынын айтты.