Жазда Алакөлге қосымша тағы екі пойыз қатынайды

1339

"Семей – Достық" бағытындағы және "Өскемен-1 – Достық" бағытындағы пойыздар күнара қатынайтын болады.

Жазда Алакөлге қосымша тағы екі пойыз қатынайды

Жаз айларында қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы –Орал"  бағытындағы бірреттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады.

Сонымен қатар, "Қала маңы тасымалы" АҚ  ШҚО әкімдігімен  біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. Олар:

– №457/458  "Семей-Достық"  бағытындағы пойыз. Маусым айының 1 жұлдызынан бастап тамыздың 31-іне дейін күнара жүреді. Жолда жүру уақыты – 17 сағат 13 минут. 

–  №459/460  "Өскемен-1 – Достық" бағытындағы пойыз. Маусым айының 1 жұлдызынан бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолда жүру уақыты – 18 сағат 57 минут. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу