Қырғыз тарапымен тауар алмасу және коммерциялық негізде электр энергиясын жеткізу бойынша "Достық" каналы арқылы жаз айларында 330 млн текше метр көлемінде су беру мәселесі шешілді.
Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Айта кетейік, наурыздың басында Тоқтоғұл су қоймасында былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,5 млрд.м3 су аз болған, ал бүгін өткен жылдың ұқсас күніне қарағанда 237 млн. м3 көп. Тоқтоғұл су қоймасының осындай көлемге шығуы Қырғыз тарапына Тоқтоғұл су қоймасынан қосымша су ағызуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Тасқын Болатұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу