Жазда оқушыларға арнап 10 мыңнан астам лагерь ашылады

182

Оқу-ағарту министрлігі биыл жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь мен 512 шатырлы лагерь ашылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жазда оқушыларға арнап 10 мыңнан астам лагерь ашылады Фото: Үкімет сайты

2025 жылы жазда 3,1 млн бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағдарламасына қатыспақ.

Оның 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топтан шыққан балалар. Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" қоры 10 мың бүлдіршінге тегін демалу мүмкіндігін сыйламақ.

Қазір осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылып, тізім дайындалуда. Ұйымдастырушылар қауіпсіздікке, санитарлық норма, тамақтану мен спорттық шараларға ерекше көңіл бөліп жатқаны айтылды.

Қазақстанда балаларға арналған демалыс лагерьлері 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу