Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, талаптар қатаңдатылады

477

1 шілдеден бастап самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады.  

Жазда самокатпен жүру тәртібі өзгеріп, талаптар қатаңдатылады Фото: businessmir.kz

Қазақстанда жалға берілетін электросамокаттарға қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта самокатпен веложолда жүру басымдыққа ие, ондай мүмкіндік болмаса жолдың оң жақ шетімен немесе жиегімен қозғалады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, көктемге дейін қазіргі тәртіп сақталады. Яғни, 18 жастан бастап және жүргізуші куәлігін алған азаматтар самокатпен веложолақта, жолдың оң жиегінде немесе тротуарда сағатына 6 км жылдамдықпен жүруге болады.

Ал 1 шілдеден бастап жалға берілетін самокаттарға қойылған талаптар күшіне енеді. Енді әр самокат тіркеуден өтіп, міндетті сақтандырылуы тиіс. Компаниялар техникалық жағдайды қадағалап, пайдаланушылардың жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін тексеруге міндеттеледі.

18 жасқа толмағандарға, жүргізуші куәлігі жоқтарға және көлік басқару құқығынан айырылған азаматтарға самокат жалға берілмейді. Самокатпен тек веложолақ немесе жолдың оң жиегімен жүруге болады.

Полиция мәліметінше, 2025 жылы қалада самокат қатысқан 386 жол апаты тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Осыған байланысты бақылау күшейтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу