Жазда студенттер қайда және қанша теңгеге жұмыс істей алады?

1068

Биыл жазда студенттер 112 мың теңге (әкімшілік персенол) – 54 мың теңге аралығындағы (құрылыс, сәулет) жалақыға жұмыс істей алады, деп хабарлайды іnbusiness.kz порталы OLX.kz-ке сілтеме жасап.

Жазда студенттер қайда және қанша теңгеге жұмыс істей алады?

Сарапшылар жазда студенттер жұмысты қайдан таба алады, жалақысы қанша деген сұрақтарға жауап іздеген.

"Сервис дерегі бойынша студенттер үшін ұсыныстардың көпшілігі "Мансаптың басталуы, тағылымдама, тәжірибе" айдарында орналастырылған, еліміз бойынша орташа жалақы  – 73 мың теңге (хабарландыру санының 22%-ы), "Бөлшек сауда, сату, сатып алу" айдары – орташа жалақы 87 мың теңге (хабарландыру санының 15%-ы), "Әкімшілік персонал" айдары – орташа жалақы 112 мың теңге (хабарландыру санының 12%-ы)",  – деп жазылған хабарламада.

Жұмыс тәжірибесі жоқ үміткерлер үшін ұсыныс нарығы төмендегідей:
Әкімшілік персенол – 12%, Бар, кафе, мейрамхана – 3%, Маркетинг, жарнама, дизайн – 3%, Мансаптың басталуы, тағылымдама, тәжірибе – 22%, Бөлшек сауда, сату, сатып алу – 15%, Құрылыс, сәулет – 3%, Қызметтің басқа салалары – 42%.

2021 жылғы мамыр-маусымда Жұмыс берушілер тәжірибесі жоқ студенттер үшін келесі жалақыны (Қазақстан бойынша орташа жалақы) ұсынуға дайын:
Әкімшілік персенол – 111 667 теңге (өткен жылғы осы кезең – 86 723 теңге), Бар, кафе, мейрамхана – 53 923 теңге (өткен жылғы осы кезең – 79 100 теңге), Қызметтің басқа салалары – 42 766 теңге (өткен жылғы осы кезең – 76 193 теңге), Интернет, IT, компьютер, телеком – 39 429 теңге (өткен жылғы осы кезең – 94 231 теңге), Маркетинг, жарнама, дизайн – 36 667 теңге (өткен жылғы осы кезең – 105 625 теңге), Мансаптың басталуы, тағылымдама, тәжірибе – 72 568 теңге (өткен жылғы осы кезең – 92 166 теңге), Бөлшек сауда, сату, сатып алу – 86 915 теңге (өткен жылғы осы кезең – 88 022 теңге), Құрылыс, сәулет – 54 300 теңге (өткен жылғы осы кезең – 42 286 теңге). 

Қазақстан қалаларындағы бос жұмыс орындары мен орташа жалақыға тоқталайық. Ақтауда "Әкімшілік қызметкерлер" санатындағы ең жоғары орташа жалақы – 130 мың теңге, ал Таразда ең төменгі жалақы – 75 мың теңге. 

"Бар, кафе мен мейрамхана" санатындағы орташа жалақы – 91 мың теңге болса, "Мансаптың басталуы, тағылымдама, тәжірибе" санатындағы орташа жалақы 105 мың теңге. Нұр-Сұлтанда  "Интернет, IT, компьютер, телеком" санатындағы ең жоғары орташа– 100 000 теңге, "Бөлшек сауда, сату, сатып алу" – 114 000 теңге және "Құрылыс, сәулет" – 250 000 теңге. Қызылордада маркетолог, жарнама беруші мен дизайнердің еңбегі жоғары бағаланады: орташа жалақы – 100 мың теңге", – деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу