Жаздың алғашқы айынан Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жуық өсті

621

Атап айтқанда, Үшарал, Балқаш, Зайсан және Үржарға сұраныс өскен. Осы бағыттармен туристер Қазақстанның шығысындағы курортты аймақтар мен жағажай демалыс орындарына жетеді. 

Жаздың алғашқы айынан Алакөл, Балқаш және Зайсан курортты аймақтарына сұраныс 5 есеге жуық өсті Фото: inbusiness.kz

Ірі туристік агрегатордың мәліметінше, көрсетілген бағыттар бойынша сұраныс 5 есеге жуық өсті. Бұл Үржар және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жөндеу аяқталып, жұмыс бұрынғы режимде қайта басталғанымен байланысты болып отыр, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жазғы маусымда сұраныс өскен бағыттардың ішінде Ақтөбе мен Түркістан ерекше көзге түседі. Биыл туристердің екі қалаға деген қызығушылығы 40% - ға артқан.

"Ішкі туризмді дамыту- шетелдік саяхатшылар санын арттыру сияқты маңызды. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған түрлі бағдарламалар әзірлеп, іске асырып жатыр. Мысалы, Kids go  free бағдарламасы ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Туроператорлар арқылы туристік пакеттерді сатып алу арқылы отандастарымыз 30% - ға дейін үнемдей алады",-деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Еске салсақ, еліміздің топ-5 туристік бағытына Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау кіреді. Бес шаһар дәстүрлі түрде осы рейтингте көш бастап тұр. Жазғы маусымға қарай, оларға деген қызығушылық орта есеппен 20% - ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу