Жаздың соңғы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

591

Синоптиктер 29 тамыз-1 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жаздың соңғы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады Фото: inbusiness.kz

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ та жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендей береді.

Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде байқалады.

Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында жылы болады.

Содан кейін 1 қыркүйекке қарай температура түнде 10-15 жылыға дейін, күндіз 20-25 жылыға дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу