Жазғы Азия ойындарына ел құрамасынан 500-ге жуық спортшы қатысады

105

Жиында ұлттық команданың құрамын қалыптастыру, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басым спорт түрлеріндегі дайындықты тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жазғы Азия ойындарына ел құрамасынан 500-ге жуық спортшы қатысады Фото: Спорт және туризм министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманы сапалы дайындауға арналған жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы Азия ойындары бағдарламасына 43 спорт түрі енген. Спортшылар 438 медаль жиынтығы сарапқа салады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан құрамасынан Азиадаға 30-дан астам спорт түрінен 500-ге жуық спортшы қатысады.

Министрлік ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе отырып дайындық жоспарын жасады. Онда оқу-жаттығу жиындарын өткізу, халықаралық жарыстарға қатысу, сондай-ақ спортшыларға медициналық, ғылыми және әдістемелік қолдау көрсету қарастырылған.

Дайындық барысында арнайы штаб құрылып, ең көп медаль алу мүмкіндігі бар басым спорт түрлері анықталды.

Ұлттық құраманы жасақтауда спортшыларды ашық және әділ іріктеуге баса назар аударылды. Іріктеу халықаралық жарыстардағы, соның ішінде әлемдік және Азия чемпионаттарындағы, сондай-ақ іріктеу турнирлеріндегі нәтижелерге негізделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу