Жазғы Азия ойындарында еліміздің туын ұстап шығатын спортшы белгіленді

643

Жазғы Азия ойындарында еліміздің туын ұстап шығатын спортшы белгіленді

18 тамыз күні Джакартада (Индонезия) өтетін XXVIII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын 21 жастағы отандық боксшы Әбілхан Аманқұл алып шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Маған Ұлттық Олимпиадалық комитеттен бүгін ғана қоңырау шалды. Осыған дейін байрақты көтеріп шығуға үміткерлер қатарында екенімді де білген жоқпын. Әрине, кез келген спортшы үшін бұл үлкен бақыт! Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын маған сеніп тапсырғаны үшін қуаныштымын. Жарыс кезінде біздің көк туымыз сан мәрте көкте желбірейтініне де сенімдімін. Барлық спортшылар жылдың басты додасына қарқынды дайындалып жатыр. Жақсы нәтиже көрсетіп, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын", - дейді бұл күндері Алматы облысындағы Бүкіләлемдік бокс Академиясында ұлттық құрамамен бірге жаттығу жиындарында жүрген Әбілхан Аманқұл.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Қазақстан құрамасының атлеттері 25 олимпиадалық спорт түріндегі 38 спорттық дисциплинадан сынға түспек.  Олимпиадалық спорт түрлерінен 419 спортшы жарыс жолына шығады деп күтілуде.

Азия ойындарында жалпы есебі 42 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 332 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін таппақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу