Жазғы демалыста 1,4 млн бала қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысады

1576

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Жазғы демалыста 1,4 млн бала қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысады Фото: google.com

Оның сөзінше, жазғы уақыттағы маңызды жұмыстардың бірі – балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру.

“Жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балалардың 85,3%-ы қамтылады. Бұл 2,8 млн бала деген сөз. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар. Қазіргі таңда лагерлерде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп, аяқталуға жақын. Каникулды асыға күткен балаларымызға қала сыртындағы 218 және 10,2 мың мектеп жанындағы, профилдік және шатырлы лагерлер есігін айқара ашады”, - деді министр.

Ең көп лагерлер саны Батыс Қазақстан, Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан (19), Алматы облысы (18), Түркістан облысында (16) орналасқан.

Бұл ретте қала сыртындағы лагерлердің ең аз саны Астана қаласы (2), Маңғыстау облысы (3), Шымкент қаласында (3).

“Бұдан бөлек оқушыларға дәстүрлер мен мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмысы көзделген. Жаз мезгілінде 1,4 млн бала қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерге қатысады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірмелер жұмыс істейді”, - деп атап өтті ведоство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу