Жазғы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер қанша айыппұл төлейді

1092

Жүргізушілер 1 желтоқсанға дейін көлігін қысқа дайындауы керек.

Жазғы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер қанша айыппұл төлейді Фото: inbusiness.kz

Алматы қалалық Полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек 13 қарашада өткен брифингіде көлік иелеріне жазғы дөңгелек үшін айыппұл қашан салына бастайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы доңғалақтарының болуын қадағалап отыруға тиіс. Олай болмаса, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы", деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.

Ол ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болатынын айтты. Жүргізуші бір жылда қайталап тәртіп бұзса, айыппұл 10 АЕК (34 500 теңге) болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу