Жазғы маусымда қала маңына қатынайтын 3 қосымша пойыз іске қосылады

293

Бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жазғы маусымда қала маңына қатынайтын 3 қосымша пойыз іске қосылады Фото: ҚТЖ

Жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы "Қарағанды – Балқаш", "Семей – Достық" және "Өскемен – Достық" бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды.

1. №220/219 "Қарағанды – Балқаш" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.

Қозғалыс кестесі:
* Қарағанды станциясынан жөнелту – 06:00;
* Балқаш станциясына келу – 12:48;
* Балқаш станциясынан жөнелту – 13:45;
* Қарағанды станциясына келу – 20:53.

Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 300 орын.

2. №457/458 "Семей – Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 3 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:
* Семей станциясынан жөнелту – 16:04;
* Достық станциясына келу – 10:55;
* Достық станциясынан жөнелту – 12:35;
* Семей станциясына келу – 06:02.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 354 орын.

3. №459/460 "Өскемен – Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:
* Өскемен станциясынан жөнелту – 15:20;
* Достық станциясына келу – 11:05;
* Достық станциясынан жөнелту – 12:35;
* Өскемен станциясына келу – 07:22.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 354 орын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу