Жазушы Медеу Сәрсеке дүниеден озды

1389

Ол – қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер.  

Жазушы Медеу Сәрсеке дүниеден озды Фото: Википедия

Ғұмырын Қаныш Сәтбаев, Евней Букетов, Ермұқан Бекмаханов сияқты қазақтың біртуар ұлыларын зерттеуге арнаған заманымыздың заңғар жазушысы, "Құрмет" орденінің, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті Алтын медальмен тәмамдап, Алматыдағы Кен-Металлургия институтына түсіп, 1958 жылы инженер-металлург мамандығын иеленген.

Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді.

Инженер қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.

"Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) сынды повестердің авторы. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу