Жазушы Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді

673

Музей-үй осы уақытқа дейін жазушының қарындасы Ғалия Бөкейдің меншігінде болған.  

Жазушы Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді Фото: egemen.kz

20 жылдай жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстайдағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудан әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, енді үйдің іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал мұражайдың алдына жазушының жаңа мүсіні қойылады.

Айта кетейік, биыл жазушының туғанына 80 жыл.

Оралхан Бөкейдің қарашаңырағы бұған дейін де музей ретінде ашылған еді. Алайда көпшілікке белгісіз себептерге қатысты жабылып қалған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу