Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен 2022 жылғы 22 қазан Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – "Жібек" мюзиклі үшін;
3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – "Жүрегім нені сезесің?" концерті үшін;
4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – "Желқайық" романы үшін;
5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – "Тағдыр толқыны" романы үшін;
6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.
Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.