Telegram мессенджерінде Алматыда жедел әрекет ету жасағы наразылық білдірушілер жағына шыққаны туралы видео тарады. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай хабарламалар жалған.
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желі парақшасында тараған бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасымен жауапкершілік қарастырылған", – дейді ведомстводан.