Жедел медициналық көмек бригадалары биыл 7 айда 234 мыңнан астам пациентті құтқарды

698

7 айда жедел жәрдемге 4 746 633 шақырту түскен.

Жедел медициналық көмек бригадалары биыл 7 айда 234 мыңнан астам пациентті құтқарды

Бұл ретте шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауыр жағдайдағы пациенттерге жеделдіктің 1 санаты бойынша 234 065 қоңырау қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 санаттағы жеделдік бойынша 1 310 279 шақырту, 3 санаттағы жеделдік бойынша - 1 407 344, 4 санаттағы жеделдік бойынша 1 794 945 шақырту қабылданған.

Тамыз айында COVID-19 белгілеріне байланысты 3209 шақырту болған, 1476 адам ауруханаға жатқызылды.

"Қоңыраулардың жалпы санының 4,3%-ға өскені байқалады. Жедел жәрдемнің 2022 жылы 7 ай ішінде келуінің орташа уақыты 13,1 минутты құрады. Жалпы, Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 121 қалалық қосалқы станциядан және 291 аудандық бөлімшеден тұрады",- деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу