Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығының есебінен алғаш рет ҚР жедел медициналық көмек мамандарына шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін сертификат берілді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған жедел медициналық көмек қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының санаториялық-курорттық ұйымдарында сауықтыру мен емдеуден өтуі үшін сертификат берілді.
Сондай-ақ, "Эйр Астана" АҚ, "Қазавиақұтқару" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткені және адамдардың өмірін құтқарғаны үшін алғаш рет "Үздік қызметкер" құрмет төс белгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе алмасуда көмек көрсеткені үшін денсаулық саласындағы халықаралық кеңесші Кевин Фрик төсбелгімен марапатталды.