Жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер енгізді

910

Алматы қаласындағы блок-бекеттер арқылы кіріп-шығуына рұқсат етілген тұлғалар тізіміне өзгерістер енгізілді.

Жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер енгізді

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер енгізді. Осылайша шаһарға келіп-кетуге рұсат етілген тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Алматы қаласындағы блок-бекеттер арқылы кіруіне және шығуына рұқсат етілген тұлғалар тізіміне өзгерістер енгізілді. Қазақстан Ресубликасының өзге аймақтарының құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметтік қажеттілікке орай Алматы қаласына кіру және шығу үшін, аймақтық органның бірінші басшысының қолы қойылған қағаз жүзінде рұқсаты болуы тиіс", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес шектеулердің қолданылуы 2020 жылы 6 сәуір күні сағат 00:00-ден 13 сәуірге дейін ұзартылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу