Жедел жәрдем бригадаларына 100 планшет сатып алынды

718

Аталмыш гаджеттер, жедел жәрдем мамандарының айтуынша, шұғыл шақыртуларға жету уақытын 30%-ға қысқартуға көмектеседі. 

Жедел жәрдем бригадаларына 100 планшет сатып алынды

Қарағанды облыстық жедел жәрдем стансасындағы фельдшерлерге 100 планшет сатып алынды. Бұл құралдар қолданыстағы АДАЖ жүйесіне (автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйе) біріктірілген, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аталмыш гаджеттер, мамандардың айтуынша, шұғыл шақыртуларға жету уақытын 30%-ға қысқартуға көмектеседі. 
Пилоттық жобаға Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалалары қатысады.

Планшеттермен жұмыс жүргізу өңірде бір ай бұрын сынақтан өткізіле бастады. 

"Біз уақытты айтарлықтай үнемдейміз. Диспетчер жүйеге шақыртуды енгізеді, ол аталмыш мекенжайға қай бригада жақын тұрғанын өзі анықтайды. Дәрігердің планшетіне барлық қажетті ақпараттар түседі, ол тіпті диспетчермен болған аудиохабарламаны да тыңдай алады", – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Зүлфикар Әбілқасымов.

Шақырту картасы да бұдан былай электрондық форматта рәсімделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу