Жедел жәрдем бригадаларының ІІІ республикалық жарысы басталды

997

Қазақстан өңірлерінен келген бригадалар мен Литваның 18 командасы жарысып жатыр. 

Жедел жәрдем бригадаларының ІІІ республикалық жарысы басталды

Үздік жедел жәрдем бригадалары атағы үшін Қазақстан өңірлері мен Литваның 18 командасының арасында жарыс басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Шараның алғашқы күнінде қатысушылар үшін шетелдік және қазақстандық мамандардың шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Жедел жәрдем бригадалары қызметкерлері "Жүрек-өкпе реанимациясының сапасы: проблемалары мен оларды шешу жолдары", "Жедел жәрдем кезеңінде түрлі жарақаттары бар науқастарға көмектесу", "Зардап шегушілер саны көп жазатайым оқиғаны жүргізу. Израиль тәжірибесі. ТЖ кезіндегі триаж", басқа да тақырыптарда дәрістер тыңдады. Шеберлік сыныптары барысында АҚШ, Қытай, Малайзия, Ресей, Израиль және Қазақстан сияқты мемлекеттердің жетекші медициналық мамандары өз елдеріндегі тәжірибе туралы айтып берді.

Жарыс барысында қатысушылар төрт шұғыл жағдайға арналған клиникалық станцияларды өтіп, триаж жүйесін өңдеу қабілеті мен командалық жұмысты көрсетеді. Әр тапсырма үшін клиникалық станция құрылып, шынайы оқиғаға ұқсас жағдай ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, жедел жәрдем бригадаларының республикалық жарысы Қазақстанда 2016 жылдан өткізіліп келеді. Биылғы жарыс елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу