Жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жыққан

956

Таяқ жеген жедел жәрдем дәрігерлері кінәлінің қатаң жазаға тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, бұл өзгеге сабақ болуға тиіс. 

Жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жыққан

Семейде 29 жастағы азамат шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жықты. Соның салдарынан фельдшердің миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған. Ал қасындағы ер адамның мұрны сынған, деп хабарлайды КТК.

Медицина қызметкерлері іші ауырған жүкті келіншекке көмек көрсетуге келген. Дәрігерлер оған құрсағындағы сәбидің түсіп қалу қаупі барын айтыпты. Сол сәтте жолдасы олардан ауыртпайтын дәрі егуін талап етіп жұдырық ала жүгірген.

Таяқ жеген жедел жәрдем дәрігерлері кінәлінің қатаң жазаға тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, бұл өзгеге сабақ болуға тиіс. Қазір бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрған адамның мас немесе сау болғаны әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу