Жедел жәрдем келіп үлгермесе, теміржолшылар жолаушыны қалай құтқарады

174

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша "Қауіпсіз рейс – денсаулықтан басталады" дөңгелек үстелі өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жедел жәрдем келіп үлгермесе, теміржолшылар жолаушыны қалай құтқарады Фото: ҚТЖ

Іс-шараға медицина, еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі  саласының мамандары мен теміржол саласының қызметкерлері қатысты. 

Алғашқы көмек көрсету, қызметкерлерді төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау, локомотив бригадаларын медициналық сүйемелдеу және өндірістік тәуекелдердің алдын алу мәселелері талқыланды. 

Basic Life Support (BLS) дағдыларына, алғашқы көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-ның мердігер ұйымдармен жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу