Алматыда жедел жәрдем көлігін "байқамай қалған" джип көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Алматы қаласының полицейлер жедел жәрдем көлігін өткізбеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісін жауапкершілікке тартты.
Жедел жәрдемнің регистраторынан түсірілген бейне әлеуметтік желіге салынды.
Жергілік полиция қызметі бұған қатысты бірден әрекет етті.
"Бейне жазбада көрінгендей, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі арнайы жарығы және дыбысты сигналы қосылған, жедел жәрдем көлігінің өтіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Жүргізушінің бұл әрекеті ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 598-бабының 2-бөлімінде қарастырылған. Осы негізде 1988 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны Н. есімді азамат әкімшілік жазаға тартылды",- дейді Ішкі істер департаментінен.