Жедел жәрдем көліктерінің сарыға боялуы оң нәтиже берді

1473

"Дабылдың қолданылуы да өмір мен өлімнің арасындағы науқастарға тез арада жетуге ықпал етті", – делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

 Жедел жәрдем көліктерінің сарыға боялуы оң нәтиже берді

Өткен жылы елорданың жедел жәрдем қызметі шамамен 600 мың шақыртуға барған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы 103 пультінің диспетчерлеріне түскен шақыртулар саны 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 777-ге артқан.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа стандарттарды енгізу оң нәтижесін көрсеткен. Атап айтқанда, жедел жәрдем көліктерінің сары түске боялуы қызметтің тиісті мекенжайға жететін уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.

"Дабылдың қолданылуы да өмір мен өлімнің арасындағы науқастарға тез арада жетуге ықпал етті", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу