Атырауда септикті тазалау кезінде 4 ер адам уланды. Оның бірі жедел жәрдем қызметінде көз жұмды.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусым күні, сағат 12.45-те Мыңбаев көшесінде орналасқан Жерұйық ықшамауданында жеке үйдің ауласында 3 метр тереңдікте орналасқан септикті тазалау кезінде 26, 40, 50 және 57 жастағы төрт ер адам уланған.
"26 жастағы ер азамат ауруханаға жетпей, жедел жәрдем қызметінің көлігінде көз жұмды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу