Енді жедел жәрдемді түнде шақырсаңыз, келмеуі мүмкін

10001

Жедел медициналық көмек станциясына түсетін шақыртулардың бір бөлігін емханалардың мобильді бригадаларына берілу мәселесі қаралып жатыр.

Енді жедел жәрдемді түнде шақырсаңыз, келмеуі мүмкін Фото: ernur.kz

Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық жәрдем көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда жеделдіктің 4 санаты бар. Бірінші санаттағы шақыру – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі. Жедел жәрдем көмегінің келу уақыты – 10 минутқа дейін. Жеделдіктің екінші санатындағы шақыру кезінде медициналық қызметкерлер 15 минут ішінде жетуге тиісті. Үшінші санаттағы шақыруларға келу уақыты – 30 минутқа дейін. Жеделдіктің 4 санатындағы шақыру – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі.

"Шұғылдықтың 4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде жедел медициналық көмек станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді. МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады", – делінген бұйрық жобасына қоса берілген салыстырмалы кестеде.

Министрлік қолданыстағы тариф емханаларды ұйымдастыру кезінде жедел медициналық көмек бөлімшесінің барлық шығысын толық жабуды қамтамасыз етпейтінін жазады. 

"Қаржыландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстаудың тиімсіздігі байқалады, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі", – деп түсіндіреді ДСМ.

Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу