Жедел жәрдем қызметкерлері КВИ-ге тесті айына бір рет тапсырады

810

Олар 1 айда 5 мыңнан астам коронавирус жұқтыруы мүмкін адамға қызмет көрсеткен.

Жедел жәрдем қызметкерлері КВИ-ге тесті айына бір рет тапсырады Фото: Максим Морозов

Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациентпен жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметкерлері айына бір рет КВИ-ге тест тапсырады. Бұл туралы елорданың жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев мәлім етті.

"Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, жедел жәрдем қызметкерлері айына бір рет ПТР тестілеуден өтуге тиіс. Қызметкерлердің тест тапсыруы 100% қамтамасыз етіледі", – деді Мұрат Оразбаев.

Ал Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бақтияр Жүсіповтің сөзінше, елде жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус індетін жұқтыруы мүмкін 5 мың адамға қызмет еткен.

"Тұрақты мониторинг жүргізіп отырамыз. Деректер күн сайын, сағат сайын өзгереді. 1 маусымнан бері коронавирус инфекциясын жұқтырған деген күдікпен 5 мыңнан астам адамға жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетті. Олардың 70%-ы ауруханаға жатқызылды. Алгоритмге сәйкес, жеңіл түрдегі науқастар үйде қалып, емхана дәрігерлерінің қарауында болады. Осылайша кейбірі ауруханаға жатқызылмаса, енді бірінен індет табылған жоқ", – деп айтып өтті Бақтияр Жүсіпов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу